Шымкенттік сарбаздар көпірден секірмек болған қызды аман алып қалды. Оқиға 3 шілде күні түскі 14:30 шамасында орын алған. 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері қоршау сыртында жас бойжеткеннің тұрғанын көрген. Сондықтан қауіпті түсінген әскери жасақ рация арқылы жақын маңдағы патрульдік топқа хабар беріпті. Ұландықтар қызды сөзге тартып тұрғанда, келесі жауынгер оны ұстап қалып, қарсыласқанына қарамастан, қоршаудан тартып […]