Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әкімдігінің шенеуніктері 36 млн теңгені талан-таражға салған. Бұл жайтты аудандық прокуратура анықтаған. Ведомство мәліметінше, әкімдік мердігерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеген. Атап айтқанда, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты мен ЖШС арасында «Жерлеу орындарын күтіп ұстау» бойынша келісімшарт жасалған. Сонымен бірге 2021-2023 жылдары әкім аппараты пен аталған серіктестіктің арасында жалпы соммасы 37,9 теңгені құрайтын […]