Шымкент қаласындағы Самал мөлтек ауданының тұрғындары былтыр орнатылған кәріз жүйесіне қатысты шу шығарды. Олардың айтуынша, мердігер мекеме жөндеу жұмыстарынан соң көшеге асфальтты дұрыс төсемеген. Соның кесірінен бүгінде қарапайым халық жол азабын тартып, әбігерге түсіп отыр. Толығырақ тілші бейнематериялында Самал 3 мөлтек ауданының тұрғындары орнатылған кәріз жүйесінің сапасы мен жөндеу жұмыстарына көңілдері толмайтындықтарын айтады. Мердігер мекеме жөндеу жұмыстарынан соң көшеге салған асфальттың сыйқы мынадай. Кейбір жерлері үгітіліп түсіп, шұңқырға айналған. Түсірілім барысында аталған көшенің жағдайы шын мәнінде көңілге қаяу түсіретіне көзіміз жетті. Ал халықтың күнделікті жүріп-тұруына арналған жолдың сапасына қатысты жауаптылар не дейді? Мамандар осылайша алдағы уақытта проблема өз шешімін тауып, халыққа қолайлы жағдай жасалады деп сендірді. Тұрғындар да бұл мәселе басқарма басшыларының бақылауымен қайта ретке келер деп үміттеніп отыр.