Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясында мегаполистің жаңа Бас жоспары талқыланып, қабылданды. Қаланың жаңа бас жоспарын дайындауда екі жыл бойы жұмыстар жүргізілген. 2035 жылға қарай қала халқы 1 млн 800 мың адамға жетеді деген жоспар бар. Бас жоспардағы негізгі басымдық – тұрғындарға жайлы ортаны қалыптастыру. Құжатта жол, логистика, кәріз жүйесі, инфрақұрылыммен қамту мәселелері егжей-тегжейлі […]