Шымкент қаласының бас жоспары қабылданды. Шаһардың 2035 жылға дейінгі даму жоспары мамырда бекітіледі. Ал қазір тұрғындарға жер телімін мемлекет қажеттігіне алу бойынша түсіндіру жұмысы жүріп жатыр. 2021 жылы әзірленген Шымкент қаласының Бас жоспарының жобасы бірнеше рет қоғамдық талқылауға ұсынылған еді. Қазір қаланың бас құжаты жобасы қабылданып, сараптамадан өтуге жіберілген. Сараптамадан сәтті шықса, мамыр айының соңына […]