Қызыл кілем, әсем ән, көтеріңкі көңіл-күй! Бүгін шымкенттік аруларды мегаполистің жігіттері мерекемен құттықтады! 8-наурыз халықаралық әйелдер күнін шымкенттік сұлулар ерекше тойлауда. Түркістан сарайында қыз-келіншектерге арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылып, түрлі сыйлықтар үлестірілді. Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласының әкімі: “Сіздер ізгілік пен жылулық, жақсылық пен қуаныш сыйлайтын жандар ғана емес, тіршіліктің ең асыл абзалы деген құрметке лайықтысыздар. […]