Шымкентте жас жанұялар арасында “Парасатты отбасы” байқауы өтті. Іс-шара Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Спорттық жарысқа 15 белсенді отбасыдан құралған команда қатысты. Олар әртүрлі қиындықтар кездесетін 5 кезеңнен өтті. Спорттық байқау үздіктеріне қомақты қаржылай сыйлық тарту етілді. “Жарысты өткізудегі мақсат — халықты салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру”, -дейді ұйымдастырушылар.