Шымкенттің қақ ортасынан мәйіт табылды. Ер адамның денесі Д. Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысынан анықталған. Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларына бұл туралы 7 маусым күні таңертең хабарлаған. Оқиға орнында өртенген шөп пен қоқысты байқауға болады. Бірақ, жақын маңдағы үй тұрғындары бұл оқиғадан бейхабар болып шықты. «Бұл оқиға туралы ештеңе естіген […]