Темір тордың ар жағында да бизнесті дамытып, ақша табуға жағдай жасау керек. Бас прокуратураның өкілдері тұтқындар құр бос отырмауы тиіс, керісінше түзету шараларымен қатар табыс та таба білуі керек дейді. Ал Шымкент қаласында орналасқан колониялардың бәрінде цех, фабрикалар бар, бірақ олар Халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Қадағалау органының өкілдері жергілікті түрмелерге барып, жазасын өтеушілердің жағдайымен танысты. […]