«Шымкент республикалық пән олимпиадаларының үздік үштігіне ену керек». Осылай мақсат қойған «Дарын» орталығының мамандары қазір дайындық жұмыстарын күшейткен. Тіпті, жергілікті бюджеттен қаржы бөліп, лагерде оқу-жаттығуын ұйымдастырып отыр. Айтуларынша бұл-білімге құштар балалардың ынтасын одан сайын арттыруға ықпал етеді. Шымкентте 200-ге жуық пәндік олимпиада жеңімпаздары лагерде мемлекет қаражатына демалады. Олардың бірі 6 сынып оқушысы – Әділет Қонысбек. […]