Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Shymqala» этноауылын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Этноауыл 2021 жылы 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай ашылды. Жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Мұнда 14 киіз үй тігіліп, 2 алтыбақан және «Шеберлер ауылы», алып тайқазан, киіз үлгісіндегі концерт залы орналасқан. Негізгі мақсат — келушілерге қазақ халқының тарихы, мәдениеті және дәстүрін насихаттау, материалдық, […]