Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында жалға алынған жеке үйде орналастырылған синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті. Осылайша, а.ж. 24 – 25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындауға күдікті екі азаматты ұстады. Тінту барысында 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 кг астам психотроптық заттар, […]