Мемлекет басшысы есірткі тұтынушылардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіріп отырғанын, осыған байланысты есірткі заттарын таратуға қарсы күрес жұмыстары жалпыұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс екендігін атап айтты. Сәйкесінше, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресу жұмыстарын жандандыруды мықтап тапсырды. Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаменті Президент пен Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, қала аумағында есірткімен байланысты құқық бұзушылықтарды […]