2024 жылғы 1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Бұдан басқа, тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергелуде, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар […]