Бүгінде ұлттық нақыштағы киімдерге сұраныс артып келеді. Сұраныс ұсынысты тудырады. Осыған орай ұлттық киімдерді тігетін кәсіпкерлердің де қатары артып келеді. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданының кәсіпкері Ботакөз Өмірзақова сүйікті ісін кәсібіне айналдырып отыр. Он саусағынан өнері тамған шебер ғана бұл кәсіптің тұтқасын ұстайтыны баршаға мәлім. Дейтұрғанмен, жауапкершілікті қажет ететін, көздің майын алатын […]