Теріскейге қоныс аударуға ниеттілердің көші Қарағанды облысына жетті. Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысынан Солтүстік Қазақстанға 50 отбасы арнайы көлікпен жолға шыққанын хабарлаған едік. Мақсат-теріскейдегі жағдайды көріп, көңілінен шыққан жағдайда көшіп бару.