ҚР Мемлекеттік орталық музейінің археология бөлімінің мамандары Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Қызылкөл ауылы маңында орналасқан археологиялық ескерткіштегі далалық зерттеу жұмыстарын аяқтады. Зерттеудің негізгі мақсаты — Қызылкөл тарихи-мәдени нысанында орналасқан ғибадатхана мен қос қорған. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қаңлы мәдениетіне қатысты б.з.д. ІІ ғасырға жататын бірегей жәдігерлер табылды. Қазба жұмыстары кезінде ірі қара және ұсақ малдың сүйектері […]