Шымкентте Қ.Тыныбаев көшендегі жаңадан салынған студенттер жатақханасына қатысты дау шықты. Тұрғындар айтулы нысан заңсыз салынды деп отыр. Айтуларынша, жатақхана, жанындағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына ыңғайсыздық тудырған. Шымкент тұрғыны Гүлдана Нұриддинова көпқабатты тұрғын үйдің ауласына студенттер жатақханасын салуға қарсы болып, күресіп жүргеніне сегіз жыл болған. Айтуынша, осы уақыт аралығында бармаған жері, ашпаған есігі қалмаған. Алғашында тиісті […]