Су ресурстары және ирригация министрлігі ситуациялық ақпараттық орталық құруды жоспарлап отыр. Елдегі су шаруашылығы нысандарының қазіргі жағдайы туралы барлық ақпарат осы орталықта жинақталады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Министрлік су шаруашылығын цифрландыру бағытында бірнеше ірі жобаны іске қосып, кешенді жұмыс атқаруды жоспарлап отыр. Австралиялық Rubicon Water және германиялық «HST-EURASIA»/»GST-EURASIA» компанияларының су саласын автоматтандыруды ұйымдастыру бойынша […]