Түркістанда Сұлтан Бейбарыс бабамыздың 800 жылдығы және Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына орай мерекелік іс-шара өткізілді. Оны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Түркістан қаласы имамдары ұйымдастырған. Мерекелік шараның мақсаты жастарға Сұлтан Бейбарыс, Кенесары Қасымұлы іспеттес ұлы тұлғаларды насихаттау, тарихты дәріптеу. Жиында ақындар арнау айтып, өлең оқыды. Іс-шара ұлттық ойындар ойналып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.