Ауыл шаруашылығын әртараптандыру — бәсекелестіктің басты шарттарының бірі. Келес ауданының шаруаларымен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, әртараптандырудың осы салаға тұрақтылық әкеліп қана қоймай, жердің құнарын арттыратынын алға тартты. — Облыстың табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып, дамыған мемлекеттерден қалып қоймас үшін бәсекеге қабілетті әлемдік талаптарға сай өнім өндіруге ұмтылған жөн. Егілетін өнім сұранысқа […]