Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіруге 500 млн теңге бөлінді

Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіруге 500 млн теңге бөлінді. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру» жобасын қаржыландыруға қатысты депутаттық сұрауларыңызды қарап, мынаны хабарлаймын. 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптама рәсімінен өтті. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы ағымдағы жылдың қыркүйегінде алынды және 2022 жылғы республикалық бюджетті түзету кезінде жобаны іске асыруды бастауға 500 млн теңге сомасында қаражат бөлінді», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында. Оның дерегінше, бөлінген қаражат есебінен бүгінгі күні орындалған жер жұмыстарының көлемі 125 624 текше метрді (топырақты қазу және тегістеу) құрайды. Сонымен қатар бөгетте 1 шақырым қашықтықта өсімдік қабаты тазартылды. «Жобаны одан әрі іске асыру үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2023-2024 жылдары құрылыс-монтаждау жұмыстарын қаржыландыруға бюджеттік өтінім дайындады. Ол белгіленген тәртіппен 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында қаралатын болады», - деді Әлихан Смайылов.

Читать источник turkistan.tv
Күн күрт суытады
Қазақстан чемпионаты: финалға өткен боксшылар белгілі болды
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды