Отырар ауданы Сырдария өзенінде суға батып, қайтыс болған 9 адамның жаназасы шығарылды. Марқұмдардың денелері бүгін Көксарай ауылында жер қойнына тапсырылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында қайғылы жағдайға ұшыраған әулетке арнайы барды. Сырдария өзенінде орын алған оқыс оқиғадан қайғы жамылған әулеттің ата-аналарына, ет жақындарына көңіл айтты. Қайғыларына ортақтасып, құранға қатысты. Тиісті көмек көрсетіп, қажеттілігінше […]