Шымкентте қоғамдық көліктегі жолаушының көптігі мен автобус тапшылығы тұрғындарды әбігерге салып отыр. Әсіресе №52, №171, №35 және №27 бағыттарында таңертең және кешкі уақытта автобусқа сыймай, аялдамада қалып қоятындар бар. Ал тасымалдаушылар қосымша автобус шығару жолаушылар ағынының нақты статистикасына байланысты екенін айтады. Жолақы төленбесе, жолаушылар санын есептеу де қиындайды. «Күте тұрыңыздар. Түсіңіздер. Есіктің аузында тұрмаңыздар». […]