Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров табыстың көлеміне қарай салықты арттыру бастамасын түсіндірді. Министрлік президенттің тапсырмасы бойынша салық салудың прогрессивті шкаласын, яғни табыстың көлеміне қарай салық төлеу жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Оған сәйкес, белгілі бір сомадан асатын табыс үшін 15 проценттік салық төлеуге тура келеді. «Қазіргі жоба бойынша шекті табыстың сомасы 480 ең төменгі жалақыны құрайды. […]