Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті «Sincere System Group» компаниясының өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Олар қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілініп отыр. Агенттіктің ақпаратында компания өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам кірістілікке уәде бергені айтылған. Депозиттің ең төменгі сомасы 100 долларды құраған. Басқа салымшыларды тартқан жағдайда […]