Павлодар облысында «HAS Holding» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, ұйымдастырушылардың құны 1,4 миллиард теңгеден асатын мүлкі бұғатталды. Облыстық экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінгендердің қызметі туралы жаңа мәліметтерді жариялады. «Бүгінде 1 миллиард 408 миллион теңге шығын көрген 154 жәбірленуші департаментке жүгінді. Зардап шеккен адамдардың саны күн сайын артып келеді», – деп хабарлады ведомство. […]