Кафе, дәмхана секілді қоғамдық тамақтану орындарында тапсырыс берген тағам көңіліңізден шықпаса не істеу керек? Тұтынушы қайда, кімге шағымдана алады? Көптің көкейінде жүрген бұл сауалға редакция заңгері Венера Нұрғалиқызы жауап берді. «Менің тәжірибемде бірнеше адам келіп, мейрамханалар мен дәмханаларда, демалыс аймақтарында, жалпы қоғамдық тамақтану орындарында тапсырыс берген тағамдарына арыз-шағымдарын түсіріп жатады. Кейбіреулерінің тамақтарынан шаш табылса, ал […]