Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Жәбірленуші жас қыздың айтуынша, белгісіз біреу «таргет» жарнамасы арқылы ірі көлемде несие алып беремін деп сеніміне кіріп, өз қызметі үшін алдын ала 40.000 теңге ақшалай қаражатын алған. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу […]