Үкімет басшысы алдағы жылыту маусымында бірде-бір апатқа жол берілмеуі тиіс деді. Жылу жүйелері, қазандықтар сыр берген өңірлердегі жұмыстар жоспар аясында, жүйелі түрде жүруі керек. Кері жағдайда, кәсіпорын басшысының ғана емес, сала министрлері мен әкімдердің жауапкершілігі жоғары деңгейде қаралатын болады. Үкімет отырысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Онда ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, […]