Ел аумағында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы қолға алынып, қарқынды түрде жалғасып жатыр. Осы орайда Шымкент қаласында құқықтық саясаттың іске асырылуы, жол қауіпсіздігінің сақталынуы басты назарға алынған. Балалардың жол-көлік оқиғалары кезіндегі зардап шегуі, жарақат алуының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын нығайту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Әрине мектеп жасындағы оқушыларға жол […]