Жыл басынан бері Түркістан облысында полицейлер қоғамдық орындарда қайыр сұрауға байланысты 3 000-нан астам фактіні тоқтатты. Құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Оның ішінде 14 шетелдік азамат сот шешімі бойынша елден шығарылды. Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтауда Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі маңызды рөл атқарады. Камералардың көмегімен тәртіп сақшылары 1500-ге жуық қайыр сұрау фактілерін анықтады. […]