Күні кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің қатардағы жауынгер Дінмұхамед Молдажанов бастаған әскери жасағы Тұран ауданында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша кезекшілікті атқару кезінде көшеде есін жоғалтқан қызды байқап қалған. Оқиға туралы дереу кезекшіге хабарлаған әскерилер жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем келгеннен кейін зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. «Патрульдік қызмет барысында біз қоғамдық тәртіпті […]