Елімізде кедендік түсімдер мен салық көлемі күрт артқан. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 3 триллион 300 миллиард теңгеге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 54 пайызға артық. Әсіресе импортқа салынатын қосымша құн салығынан 1 триллион 400 миллиард теңге жиналып, сома өткен жылғыға қарағанда 80 пайызға көбейіп отыр. Ал еліміздің тауар айналымы 87 миллиард 600 миллион долларды құрады. […]