Биыл тауық шаруашылығымен айналысатын фермерлерге 2,5 пайызбен бюджеттік несие беру жоспарланған. Бұл туралы Үкімет кулуарында сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Айтуынша, қазір фермерлер ішкі нарықты тауық етімен 50-55 пайызға ғана қамтамасыз етіп отыр, алдағы уақытта бұл көрсеткішті көтеру қажет. Айта кетейік, аталған кредитті 10 жылға алуға болады.