«Таза Қазақстан» акциясы Тұран ауданында жалғасын тапты. Бұл жолы 150-ге тарта коммуналдық қызметкер, ақсақалдар кеңесі мүшесі мен жастар Бадам өзені бойын қоқыстан тазартты. Ол үшін 15 техника жұмылдырылған. Игі шараға атсалысқан билер қауымы бұл еліміздің экологиялық жағдайына әсер ететінін жеткізді. «Қаланың тазалығы – өзіміздің тазалығымыз. Айналайын, жұртым, көшеге әр түрлі затты тастай бермеңіздер. Бір ғалым: […]