Шымкентте көпқабатты үйлердің ауласы тазаланды. «Таза Қазақстан» экоакциясына тұрғындар мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлері қатысты. Олардың арасында ауданның ақсақалдар алқасы мен белсенді жастары, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. 3-ші шағынауданда 40-қа жуық коммуналдық қызметкер тұрғындармен бірге ауланы қоқыстан тазартты. Ақайша Байымбетова, Тұран ауданы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шебері: «Біз 3 мөлтекауданда тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тазалықтың ішінде жол […]