Бүгін #TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасының екінші аптасы мегаполисте ауқымды істермен жалғасты. Акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» атауымен аталып, қаламыздың әулиелі жерлерін тазалаудан басталды. Абай ауданы әкімдігі тазалық жұмыстарын Шымкенттің кіре берісіндегі Темірші әулие кесенесінен бастады. – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған республикалық «Таза Қазақстан» акциясын бүкіл халық болып қолдаймыз. Игі шараның аясында қаламыз көркейіп, […]