ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша Қырғыз Республикасының азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Мәселен, «Жайсан-авто» бекетінде Қазақстан Республикасы аумағынан шығып кету әрекеті кезінде жүк көлік құралының жүргізушісі ұсталды, оның шанағын тексеру кезінде акциздік маркалары жоқ, көкөністерде (пекин қырыққабаты) жасырылған жалпы саны 70 мыңнан астам қорап темекі өнімдері табылды. […]