Лейшманиоз аурулары – бұл адам мен жануарлардың ішкі ағзалар (висцералды лейшманиоз) мен теріні (тері лейшманиоздары) зақымдайтын трансмиссивтік аурулар тобы. Ауру қоздырғышы – лейшманиялар екі қожайында дамитын қарапайым паразиттер. Омыртқалылар (соның ішінде адамдар) ағзасында паразит жасуша ішінде домалақша амастигота (жгутигі жоқ) стадиясында болады, ал індет таратушы үндеместің ішінде сопақша промастигота стадиясында (жгутигі бар) болады. […]