Шымкентте тергеу изоляторында қамауда болған жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ол бірнеше жыл бұрын қант диабетіне шалдыққан екен. Туыстары тергеу мекемесінде күдіктіге өздері жеткізген инсулин берілмегеніне наразы. Марқұмның анасы баласын қамауда ұрып-соқты деп топшылайды. Дегенмен құзырлы орган өкілдері мұны жоққа шығарып отыр. «Жаныма бататыны 4 айлық баласын көре алмай кетті. Балаларын құшағына ала да алмады. […]