Түркістанда мал ұрлады деген күдіктілерді полиция ғимаратында қинаған тәртіп сақшыларына сот үкімі шықты. Алайда онымен келіспеген сотталушылар судья үкімді оқып жатқан кезде қоршауды сындырып шығып, қарауылға шабуыл жасады. Еске сала кетейік, 2022 жылдың басында Сауран аудандық тәртіп сақшылары қос тұрғынды 2 қой ұрлады деген күдікпен құрықтаған еді. Сол кездегі полиция қызметкерлері тергеу барысында күдіктілерді […]