Шымкентте экс-полицей заңсыз әрекеті үшін сотты болды. Еңбекші ауданының аға тергеушісі қылмыстық қудалауды тоқтатуға уәде беріп, ол қызметі үшін жарты миллион теңге талап еткен. Бүгінде пара алған полицейдің кінәсі дәлелденді. Бұрынғы тәртіп сақшысы үш жылға темір торға тоғытылып, «полиция аға лейтенанты» шенінен айырылды. Сотталушы жазасын орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейді. Ермек Есіркепов, Қаратау аудандық сотының судьясы: […]