Шымкентте терроризмді насихаттаған ер адам сотталды. Сотталушы әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндірген. Сонымен қатар, террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жихадқа шақырған. Ол қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлігі, 259-бабы 1-бөлігімен айыпталды. Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі […]