Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Т. ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігімен, 259-бабының 1-бөлігімен (терроризмді насихаттау және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіріп) айыпталған. Сотталушы әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндірген. Сонымен қатар, террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жихадқа шақырған. […]