Автокөлігін заңсыз жабдықтап, арнайы жарық сигналдарды орнатып алып тікелей эфирге шыққан жүргізушіні полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады. Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары құқық бұзушының нақты жүрген жерін анықтап, оны ұстауға патрульдік экипажды бағыттады. Жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Оның тарапынан аталған құқық бұзушылық осы жылы екінші рет қайталанып тұрғаны анықталды. Көлік құралы айыптұраққа қойылды. […]


Өмір
