Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының тілдерді дамыту саласында атқарған жұмыстары жайлы басқарма басшысы Сәкен Шакеев баяндады. Айтуынша, ағымдағы жылдың 5 айында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында 533 азамат қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен курстан өтті. Оның ішінде: қазақ тілінен – 314 адам, орыс тілінен – 44 адам, ағылшын тілінен – 175 адам. Ұлттық құрамы: […]