Түркістан облысы Төлеби ауданындағы «Диханкөл» жалпы орта мектебінде оқитын оқушылар бүгін жаппай сабаққа бармай қойған. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасындағылар балалардың сабаққа келмегенін растады. Басқарма мәліметінше, мектеп директоры орынбасарының қызметінен босатылуын талап еткен ата-аналар бүгін, 20 сәуірде балаларын сабаққа жібермей қойған. Себебі аталған білім мекемесі оқушыларына қатысты орын алған жайттың жай-жапсарын құзырлы мекеме мамандары толық […]