Төлеби ауданындағы ауылдың бірінде шаруашылық құрылыстары мен бірнеше автокөлік өртенді. Қазіргі уақытта күдіктілер құрықталды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Зардап шеккендер жоқ. “Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта ауылдағы жағдай тұрақты. Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында”, – деп мәлімдеді облыстық полиция […]