Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласының тұрғыны ақша бопсалаушылардың құрбаны болды. Осылай деген ол Түркістан облысының Полиция департаментіне арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз біреулер пышақпен қорқыту арқылы күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған. Оның арызы Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігі «Қорқытып алу» бойынша тіркелді. Төлеби ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер нәтижесінде 5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны […]